ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬ «НАВА»

Ансамбльдің тарихы 1918 жылы басталады, сол кезде «Синеблузниктер» көркем-өнерлік үйірмесі пайда болды. Кейін 1934 жылы құрылған кәсіби театрмен жұмыс кезеңдері болды, бірақ тәуелсіз ұжым ретінде, атымен әйгілі уйғыр мукамынан алынған «Нава» ансамблі тек 1973 жылдан бастап өз алдына өмір сүре бастады.
Фольклорлық ансамбль «Нава» жасаған жол тікелей Ұйғыр театрының көрнекті әртістерімен – оның негізін қалаушыларымен тығыз байланысты.
Ансамбльдің репертуарында уйғыр халқының асыл музыкалық мұрасы – «Он екі мукам» ерекше орын алады. Бұл музыкалық цикл ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени ескерткіштері тізіміне енген.
Ансамбльдің басты мақсаты – көне музыкалық мұраны насихаттау, оны сақтап, жас буынға жеткізу. «Нава» ансамблі мукам кештерін ұйымдастыруды бастады және бұл музыкалық туындылардан үзінділерді жазған грампластинкаларды шығарды. Қазіргі репертуарға уйғыр кәсіби композиторларының шығармалары, халық әндері және Шығыс халықтарының хореографиялық көріністері кіреді.
Ансамбльдің гастрольдік географиясы кең. «Нава» «Он екі мукам» музыкалық циклы арқылы Қазақстан ғана емес, халықаралық сахналарды да жаулап, түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.

АРТИСТЫ АНСАМБЛя
Махмұтжан Мұхаметұлы АБАБАКРИЕВ
Фархат Тиляпұлы МОЛОТОВ
Сайяра Хабибуллақызы СЕТЕКОВА
Даяна Данилқызы БАЙГАБУЛОВА
Ренат Сыдықұлы ҚУРБАНОВ
Икрамжан Акваржанұлы ЛОХМАНОВ
Абдуманап Махмутжанұлы МАХМУТЖАН
Жавохир Шерзодұлы САДУЛЛАЕВ
Жібек Әділбекқызы САҚТАН
Нұрсұлтан Ерболатұлы АЛИМБЕКОВ
будьте в курсе обо всех мероприятиях театра
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ