Туған уақыты мен жері: 5 қаңтар 1990 жыл, Алматы қаласы.
Білім алған оқу орындары: П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі (2005 – 2009). Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Мәскеу қаласындағы «Әскери университеті» (2010 – 2015).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2023 жылдан 2025 жылға дейін оркестр әртісі, 2026 жылдан - бас дирижер.
Палтахунов Назим Үсіпжанұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 25 қазан, 1985 жыл, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орны: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі.
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2007 жылдан 2025 жылға дейін оркестр әртісі., 2026 жылдан - «Нава» халық аспаптары ансамблінің жетекшісі.
Жетістіктері мен марапаттары:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты.
Халимова Ажарбуви Пархатқызы
тг.
тг.
Туған уақыты және орны: 2 тамыз, 1986 жыл, Байсейіт ауылы, Шелек (қазіргі Еңбекшіқазақ) ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орны: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (2007 – 2011).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2005 жыл, сахна қимылы бойынша репетитор, 2024 жылдан - бас балетмейстер.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы (2022).
Насирова Гүлбахар Қасымқызы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 3 наурыз, 1959 жыл, Құлжа қаласы, ШҰАР (ҚХР).
Білім алған оқу орны: А.Н.Островский атындағы Ташкент мемлекеттік театр-көркемөнер институти, «Музыкалық драма актері» (1978 – 1983) және «Театртану» (1983 – 1988) мамандықтары бойынша.
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 1983 жыл, әдеби-драмалық бөлім меңгерушісі.
Ұйғыр тіліне аударған шығармалары: «Диванә» (авторы Р. Мәдиев), «Дозақ» (Г.Өзүбекова), «Алтын кілт» (А.Толстой), «Өтінемін, күйеуңізді сатыңызшы...» (М. Задорнов), «Башмағым» (Ж. Файзи), «Ғаріптер...» (В. Дельмар), «Бір түп алма ағашы» (А. Оразбеков), «Жусанның ащы иісі» (И.Зайниев), «Мәшһүр Гален» (К. Чапек), «Түймеқыз» (Х.К. Андерсен).
Инсценировкалары: «Лутпулла» (М. Зулпиқаровтың романы негізінде, режиссері М. Изимов), «Назугум» (Т. Тохтамовтың романы негізінде, режиссері А. Искандиров), «Сәргәрдан» (Т. Тохтамовтың романы негізінде, режиссері М. Изимов).
Драмалық шығармасы: «Меніменен мұңдасқын...».
Жарық көрген кітаптары: «Ахмет Шамиев – театр және кино актері», «Қос жұлдыз», «Ахмадиевтер әулеті».
Жетістіктері мен марапаттары:
IV Республикалық театрлар фестивалінде «Екінші жоспардағы үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы («Жусанның ащы иісі» спектакліндегі рөлі үшін, 2018).
Қазақ Ұлттық театрлар ассоциациясы құрылтайшысы болған «Сахнагер – 2018» сыйлығының иегері.
Ұйғыр меценаттары клубы құрылтайшысы болған «Илһам» («Шабыт») сыйлығының иегері.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі.
2019, 2021 жылдарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлигінің Алғыс хаттары.
Юнусов Рашидин Лохманұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 4 желтоқсан, 1968 жыл, Қалжат ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, журналистика факультеті (1989–1994). Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Экономика» мамандығы бойынша.
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2016 жыл, қойылым бөлімінің меңгерушісі.
Газиев Кәрімжан Имаржанұлы
тг.
тг.
Туған күні мен жері: 2 қыркүйек 1986 жыл, Талғар қаласы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орындары:
П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, фортепиано сыныбы (2001–2006)
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Композитор» мамандығы (2006–2011)
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2011 жыл, музыка бөлімінің меңгерушісі.
Жазған әндері: «Ата-ана» (мәтіні З. Қадирий), «Достум» (мәтіні Б. Савуржанов), «Йеңи жилда» (мәтіні П. Махсатова), «Айрилмайли» (мәтіні П. Махсатова), «Қәдирләйли аниларни» (мәтіні Д. Аманбаев), «Җан дадам» (мәтіні А. Азнибақиев), «Достлар» (мәтіні П. Махсатова), «Йеңи жил» (мәтіні С. Машрапов), «Уйғур қизи» (мәтіні М.Тохтахунов).
«Қадірі жоқ зейнеткер» (авторы М.Дараев, режиссері Б.Аудунов)
Жетістіктері мен марапаттары:
Е.Рахмадиев атындағы Республикалық сазгерлер конкурсында арнайы сыйлығы.
Садықова Гүлниса Тлевалдықызы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 2 қаңтар, 1971 жыл, Қарағайлы ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орындары: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1990 – 1996).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 1989 жыл, труппа меңгерушісі.
Жетістіктері мен марапаттары:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2017).
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2019).
Искендеров Азизжан Хезимұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 17 сәуір 1960 жыл, Шарын ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орындары: А.Н. Островский атындағы Ташкент мемлекеттік театр-көркемөнер институти, «Музыкалық драма актері» (1978 – 1983). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, режиссерлік факультеті (өнертану магистры).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 1983 жыл, қоюшы режиссер.
Спектакльдерде сомдаған рөлдері:
Мольер «Парасатсыз тақсыр» (режиссері Қ.Жетпісбаев) – музыка пәнінің мұғалімі,
«Чарин» (мәтіндері мен музыкалары А.Искандировтың),
«Совумиған бөшүгүм» (мәтіні Х.Илахунованың),
«Оғлумға» (мәтіні М.Жумаровтың),
«Сеғиниш» (Ә.Нижатбақидің),
«Кәлди баһар» (Р.Махпированың),
«Адәмниң ичидә адәм бар өзгә» (С.Анварованың),
«Сени десәм» (А.Долатовтың),
«Йоқлуғуңлар билинидуғу» (М.Тохтахуновтың).
Жетістіктері мен марапаттары:
1994 жылы С.Сейфуллинның туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған театрлар фестивалінің лауреаты («Омар Мұхаммади» спектакліндегі бас кейіпкердің рөлін сәтті сомдағаны үшін).
1996 жылы Алматы қаласында өткен «Ғасыр» фестивалінде «Ханума» спектакліндегі ролі «Ең үздік ер рөлі» деп танылды.
2004 жылы «Мәдениет қайраткері» медалі.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.
2019 жылы «Еңбек даңқы» медалі.
2020 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі.
Жамбакиев Дилмурат Хакимжанұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 19-маусым 1979 жыл, Алматы қаласы.
Білім алған оқу орны: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, (1997-2001).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2023 жыл, қоюшы режиссер
Авдунов Бахитжан Нурмахаметұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 1990 жылы Кіші дехан ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білімі: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Актерлық өнер» (музыкалық театр актері) және «Режиссура» (музыкалық театр режиссеры) мамандықтары бойынша білім алған. Өнертану ғылымдарының магистрі.
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2012 жылы, драма актері ретінде жұмысқа қабылданды. Шығармашылық ұжымға келген алғашқы күндерден бастап-ақ өзінің жақсы қасиеттерімен көріне бастаған ол «Майсараның қитұрқысы» (Х. Ниязи) спектаклінде – Хидаятханның, «Шыбындар патшасы»нда (У. Голдинг) – Роберттің, «Алтын кілт»те (А.Толстой) – Пьероның, «Қарыз»да (И. Заир) – Үмітжанның, «Келіндер көтерілісі»нде (С. Ахмад) – Тохтидың, «Баянчур»да (А. Самсақов) – Ли Чень Шеньнің, «Анархан»да (Ж. Асимов, А. Садиров) – Лоуардың, «Ана мирасында» (Д. Машурова, М. Ушуров, М. Изимов) – Желилдің, «Ромео мен Джульетта»да (У. Шекспир) – Меркуционың, «Қашқарда алау»да (А. Баудинов) – Айсаханның, «Назугум»де (Т. Тохтамовтың романы негізінде инсценировкасын дайындаған Г. Насырова) – Измахунның, «Ардақтылар»да (А. Садиров) – Бағдаттың, «Шиелі бақ»та (А. Чехов) жаһанкездің рөлдерін сәтті сомдады. «Шиелі бақ», «Жалғыз жалпыз» спектакльдерінде режиссердің көмекшісі болған ол соңғы кездерде өзі де кейбір шығармаларды сахнаға алып шығу жолында ізденіп еңбек етіп келеді. Мысалы оның режиссерлығымен қойылған Ауыт Мәсімовтың «Өмір шірнесі» атты балаларға арналған спектакль жас көрермендер тарапынан қызығушылықпен қабылданды.
Сетеков Лутфулла Хабибуллаұлы
тг.
тг.
Туған уақыты және орны: 27 наурыз, 1991 жыл, Алматы қаласы.
Білім алған оқу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Композитор, оқытушы» мамандығы бойынша (2009 – 2014).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2016 жыл, аккомпаниатор-концертмейстер.
Искандаров Газизжан Азизжанұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 1988 жылғы 3 шілде, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орындары:
П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, «Хор дирижері» мамандығы бойынша (2004–2008).
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Композитор» мамандығы бойынша (2008–2014).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2018 жылдан бастап – хормейстер.
Германия және Франция мемлекеттерінде өткен өнер конкурстарының лауреаты.
Мусаев Рустам Курбанжанұлы
тг.
тг.
Мамут Сәйпидин Мирзалимұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 30 қыркүйек, 1997 жыл, Ават ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орындары: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі (2012 – 2015), Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Режиссура» мамандығы бойынша (2015 – 2018).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2015 жыл, балет бойынша репетитор.
Жеке билеген билері: «Сидир», «Долан», «Садир Балуан», «Алдамадым» т.с.с.
Балетмейстерлік қызметі: «Меніменен мұңдасқын...» (авторы Г. Насырова, режиссері Е. Нұрсұлтан), «Ақиқат иіледі, сынбайды» (авторы және режиссері А. Ахметов), «Мәшһүр Гален» (авторы К. Чапек, режиссері Г. Адай), «Түймеқыз» (авторы Г.Х. Андерсен, режиссері Д. Жамбақиев) спектакльдерінің тағы да басқа қойылымдардың балетмейстері.
Туған уақыты және орны: 16 мамыр, 1988 жыл, Бахар ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы
Білім алған оқу орны: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк өнері колледжі (2004 – 2007).
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2007 жыл, балетмейстер.