Туған күні мен жері: 1975 жылғы 9 желтоқсанда Талдықорған облысы (қазіргі – Жетісу облысы) Жаркент қаласында дүниеге келген.
Білімі: П. Чайковский атындағы музыкалық училище, халықтық музыкалық аспаптар бөлімінің ұйғыр бөлімі (1990–1994). Қурманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы (1994–2000). «Туран» университеті, «Экономика» мамандығы (2002–2007).
Кәсіби қызметі: Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры: 2022 жылдан 2024 жылғы қазан айына дейін — директордың міндетін атқарушы; 2024 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — директор.
Шығармашылық қызметі: Д. Бахаров – белгілі ақындардың өлеңдеріне жазылған екі жүзге жуық әннің авторы. Оның қаламынан туған туындылар қатарында «Тойнамә», «Туған ел», «Это красиво», «Роза ветров», «Дали далеко», «Зебо», «Дильбариджон», «Ойна-ойна», «Анамдин мирас», «Мехбуба», «Моё сердце бежало к тебе», «Мне улыбались», «Волшебная ночь», «Мэри Кэй» гимні, сондай-ақ «Друзья мои», «Кюйнама», «Сүйіктім», «Унталмидим», «Екеумізде бір жүрек» және басқа да шығармалар бар. Композитор шығармашылығы вокалдық және аспаптық жанрларды қамтиды.
Аспаптық музыка: Фортепианоға арналған шығармалары: «Восточный танец», «Соната», «Две прелюдии», «Вальс», «Пьеса в стиле Баха», «Вариации». Ішекті аспаптарға арналған туындылары: «Размышление», «Прелюдия», «Рондо», «Восточный танец». Симфониялық оркестрге арналған шығармалары: «Мирас» симфониялық поэмасы және «Рапсодия».
Кинофильмдерге музыка: Көркем фильмдерге жазған музыкалары: «Воры поневоле, или Что лежит в сундуке», «Ғашық жүрек-2».
Гастрольдік қызметі: Қырғызстан, Әзербайжан, Венгрия, Түркия, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Мадагаскар және басқа да елдерде концерттік бағдарламалармен өнер көрсеткен.
Жетістіктері мен марапаттары:
1999 — «Жас Қанат» республикалық фестивалінде II орын.
1999 — Венгрияда өткен «Mediawave» халықаралық фестивалінде I орын.
«Голос Азии» халықаралық байқауында «Үздік аранжировка үшін» арнайы жүлде.
2000 — «Дервиши» тобы құрамында «Алтын диск» байқауында «Жыл жаңалығы» номинациясының жеңімпазы.
2002 — Түркияда өткен «Mega hit» фестивалінің қонағы («Дервиши» тобы құрамында).
2020 — «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі.
2020 — «Шапағат» медалі.
2021 — «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы.
Д. Бахаровтың шығармашылығы жанрлық әралуандылығымен және ұлттық музыкалық дәстүрлерді академиялық әрі эстрадалық музыканың заманауи көркемдік құралдарымен үйлестіре білуімен ерекшеленеді.
Канафин Фархадбек Аманжолұлы
тг.
тг.
Туған күні мен жері: 1985 жылғы 27 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі: 2001–2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының «Драмалық театр режиссурасы» мамандығын үздік дипломмен тәмамдады. Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Маман Байсеркеұлының шеберханасында білім алды. Сондай-ақ «Құрмет» орденінің иегері, режиссер Мұхитжан Изимовтың және өнертану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Қадыровтың шәкірті. Еңбек жолы: 2006–2020 жылдары Көкшетау қаласындағы Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында режиссер-қоюшы және көркемдік жетекші қызметтерін атқарды. 2014–2021 жылдары қатарынан Көкшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің «Режиссура» пәнінен дәріс беріп, актерлік курстарға жетекшілік етті. 2019–2020 жылдары Ақмола облыстық эксперименталды-зертханалық жастар театры «EL jastar» театрының негізін қалаушысы, көркемдік жетекшісі әрі режиссері болды. 2022–2024 жылдары Талғар қалалық Оқушылар шығармашылық үйінің бұқаралық-мәдени жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Шығармашылық қызметі: Бүгінгі күнге дейін әртүрлі жанр мен бағыттағы 40-қа жуық спектакль сахналады.
Марапаттары мен жетістіктері:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2013 жылы Тараз қаласында өткен І республикалық «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» актерлік өнер фестивалінде (И. Лаузундтың «Офис» пьесасы) «Үздік актерлік ансамбль» номинациясының лауреаты.
2013 жылы желтоқсанда Қазан қаласында өткен Бүкілресейлік жас режиссерлердің «Ремесло +» фестивалінің қатысушысы («Офис» спектаклі).
2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен «BALAUSA-2019» халықаралық эксперименталдық қойылымдар фестивалінде («Кеме арманы» А. Баймұхаметов пен А. Ишбулдинаның шығармасы) «Өзекті сахналық тіл ізденісі үшін» номинациясының лауреаты, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың арнайы жүлдесінің иегері.
2020 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ халықаралық қашықтықтан колледж студенттерінің «Жас ART–2020» театр фестивалінде (А. Құнанбаевтың «Жастық жалыны қайдасың?!» перформансы, «EL jastar» театры) ІІ дәрежелі лауреат және «Үздік актерлік ансамбль» номинациясының иегері.
2021 жылы Луганск қаласында өткен Павел Луспекаев атындағы «Госпожа Удача» халықаралық қашықтықтан театр фестивалінің қатысушысы және дипломанты («Чудаки» Н. Саймон — Шымкент қалалық сатира және әзіл театры; «Жастық жалыны қайдасың?» А. Құнанбаев — «EL jastar» театры).
2022 жылы Алматы қаласында өткен IV халықаралық қашықтықтан колледж студенттерінің «Жас ART–2022» театр фестивалінде (К. Климовскидің «Әкем...» спектаклі, «EL jastar» театры) «Үздік режиссер» номинациясының лауреаты.
2023 жылы Түркістан қаласында өткен, Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтің 85 жылдығына арналған І республикалық «RAIYMBEK FEST» театр фестивалінде (Н. Саймонның «Чудаки» спектаклі) «Көрермен көзайымы» номинациясының лауреаты.
Омарова Надирям Тұрсынқызы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 24 наурыз 1980 жыл, Ұзынтам ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы. Білім алған оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, (1997–2001), магистратура (2001–2003).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2022 жылдан 2025 жылға дейін баспасөз хатшысы, 2025 жылдың желтоқсан айынан – директордың орынбасары.
Решетина Анастасия Николаевна
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 6 қыркүйек 1983 жыл, Алматы қаласы
Білім алған оқу орны: Т. Рысқулов атындағы Қазақ экономикалық университеті,(2000-2005).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2023 жыл, бас бухгалтер.
Муратов Улугбек Махмудұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 31 тамыз 1978 жыл, Шонжы ауылы Ұйғыр ауданы Алматы облысы
Білім алған оқу орны: Ташкент қаржы институты (1997-2001). «Туран» университеті магистратура (2012-2014), докторантура (2017-2020).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2022 жыл, бас экономист.
Илиева Саниярам Турдиқызы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 21 қазан 1975 жыл, Тигирмен ауылы Ұйғыр ауданы Алматы облысы
Білім алған оқу орны: Жаркент педагогикалық институты (1990-1994). Абай атындағы Алматы мемлкеттік университеті (1995-1999).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2024 жыл, кадр бөлімінің жетекшісі.
Жетістіктері мен марапаттары: «Мінсіз қызметі үшін» медалі, 2017 жыл.
Азизов Уманжан Ташмухаметұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 7 наурыз 1966 жыл, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы.
Білім алған оқу орны: Алматы халық шаруашылығы институты (1984 – 1989).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2023 жыл, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекшісі.
Хамраев Раимжан Абдулхакимұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 5 қараша 1965 жыл, Байсеит ауылы Алматы облысы. Білім алған оқу орны: Алматы энергетикалық институты, (1983-1990). «Туран» университеті, (2001-2007).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2023 жыл, бас әкімші.
Жумаров Мухтаржан Махамметұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 2 маусым 1971 жыл, Ардолайты ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, журналистика факультеті (1989 – 1994).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2023 жыл, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі.
Жарық көрген кітабы: «Тәукелге қойылған өмір» (2002).
Ұйғыр тіліне аударған шығарма: «Ромео мен Джульетта» (У.Шекспир).
Жетістіктері мен марапаттары: Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы.
Дараева Гузель Кәримқызы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 21 тамыз 1980 жыл, Шонжы ауылы Уйғыр ауданы Алматы облысы. Білім алған оқу орны: Қазақ Қыздар мемлекеттік педагогика институты (1998-2002).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2026 жыл, қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі.
Жетістіктері мен марапаттары: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2016 жыл. «Архив саласының үздігі» төсбелгісі, 2024 жыл.
Нұрмұхаметов Олжас Булатханұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 14 наурыз, 1984 жыл, Бөрлі ауылы, Комсомол (қазіргі Қарабалық) ауданы, Қостанай облысы.
Білім алған оқу орны: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (2001 – 2006).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2022 жыл, заңгер.
Машрапов Сульфи Маратжанұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 10 мамыр, 1988 жыл, Жаркент қаласы, Талдықорған (қазіргі Жетісу) облысы.
Білім алған оқу орындары: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (2006 – 2011). Алматы технологиялық университеті (2015 – 2018).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2021 жыл, қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.
Халилов Әлишер Иминжанұлы
тг.
тг.
Туған уақыты мен жері: 21 қазан, 1969 жыл, Ұзынағаш ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы.
Білім алған оқу орны: Алматы энергетика институты (1986 – 1992). Халықаралық журналистика институты (1996 – 2000). «Нұр-Мубарак» Қазақ-Мысыр университеті (2003 – 2007).
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына жұмысқа қабылданған кезі және қазіргі лауазымы: 2022 жыл, аудармашы.