Бахаров Дильмурат Нурахметұлы

Құддус Құжамьяров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры директорының міндетін атқарушы
Ділмұрат 1975 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Жаркент қаласында дүниеге келген. Ол П.Чайковский атындағы музыка мектебінде фортепиано класында оқыды.
Ділмұрат оқып жүрген жылдардан бастап, ұйғыр театрында «НАВА» фольклорлық ансамблінде жұмыс істеді. Ал Ділмұрат 1994 жылы консерваторияға оқуға түсіп, студент болғаннан кейін  Ұйғыр театрында  «САДА» атты эстрадалық топ құрылып, үш жыл бойы музыкалық жетекші болып жұмыс істеді.
Жас композитор 2000 жылы консерваторияны бітірген. 1999 жылы Ділмұрат Бахаров Республикалық «Жас қанат» байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Осыдан кейін Венгрияда өткен «Медиа толқыны» халық музыкасының халықаралық фестиваліне қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. 1999 жылы «Дервиштер» тобының негізін қалаушылар - Адиль Жамбакиев, Азиз Масимов және Дильмурат Бахаров болып табылады. «Дервиштер» алғашқы рет халықаралық «Азия Даусы» байқауына қатысып, Ділмұрат «Үздік аранжировка үшін» жүлдесін жеңіп алды.

Бір жылдан кейін «Дервиштер» тобы «Алтын диск» байқауында «Жыл жаңалығы» атанды, ал 2002 жылы Түркиядағы «Мега хит» фестивалінің қонағы ретінде қатысты. (бұл конкурстың беделі «Евровидениеден» кем емес). 2002 жылы Ділмұрат Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі болды. Осы жылдар ішінде Ділмұрат Бахаров жүзден астам әндердің, сондай-ақ Нұрлан Абдуллин, Дервиштер, Дильназ Ахмадиева, Бақыт Шадаева, Яшлық, гр. «101», Руслан Тохтахунов, Гүлнұр Оразымбетова, Лана, Асылбек Еңсепов, Мақпал Исабекова, Болат Құсайынов, Диляра Ысқақова, Аян, «Саз отау» дуэті және «Дервиштердің» қатысуымен түсірілген "Воры поневоле или что лежит в сундуке" көркем фильмінің музыкасын жазды. 2007 жылы Ділмұрат Бахаров «Дервиштер» тобының продюсері болды.

Д.Бахаров 2001-2007 жж. «Тұран» университетінде (сырттай бөлім) «Экономика» мамандығы бойынша оқыды.
2022 жылдың 14 наурызында Ділмұрат Бахаров Құддус Құжамьяров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
барлық театр оқиғаларынан хабардар болыңыз
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БІЗГЕ БІЗІЛІҢІЗДЕР
Мекен-жайы
Алматы, көш. Наурызбай батыр, 83
Телефон
ТЕАТР КАССАСЫ