Ризат Тиләпҗаноғли Мамутов 1991-жили 29-августта Алмута вилайитигә қарашлиқ Уйғур наһийәсиниң Шерин йезисида дунияға кәлгән. Шу йезидики оттура мәктәпни 2009-жили түгитип, 2012 – 2016-жиллар арилиғида Т.Жүргенов намидики Қазақ миллий сәнъәт академиясидә оқуйду. 2016-жилдин башлап Қ.Ғоҗамияров намидики Республикилиқ дөләт академиялик Уйғур музыкилиқ комедия театрида паалийәт елип кәлмәктә. У қисқа вақитниң ичидила «Аршин мал алан» (муәллипи У.Гаджибеков) спектаклидики – Әсқәрниң, «Ромео вә Джульеттидики» (У.Шекспир) – Ромеониң, «Мурагерлердики» (Д.Исабеков) – жигитниң, «Дәттикамдики» (Һ.Гүлиев) – Азатниң, «Қәдирданлардики» (А.Садиров) – Мәхсәтниң, «Анархандики» (Җ.Асимов, А.Садиров) – Һәмраниң, «Қәшқәрдә мәшъәлдики» (А.Бавдинов) – Әмәтқулниң, «Өмүр ширнисидики» (А.Мәсимов) – чашқанниң, «Ләйли-Мәҗнундики» (Ш.Хуршид) – Мәҗнунниң вә башқиларниң рольлирини муваппәқийәтлик ойнаш арқилиқ тамашибинларниң иллиқ ихласиға бөлүнүп, келәчигигә зор үмүт билән қаратқан актерларниң бири болуп һесаплиниду. *** Ризат Тилапжанұлы Мамутов 1991 жылы 29 тамызда Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданының Шырын ауылында дүниеге келген. 2009 жылы осы ауылдағы орта мектепті бітіріп, 2012 – 2016 жылдар арасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқыды. 2016 жылдан бастап Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрында қызмет көрсетіп келеді. Ол аз уақыт ішінде «Аршин мал алан» (авторы У.Гаджибеков) спектакліндегі – Асқардың, «Ромео мен Джульетта»дағы (У.Шекспир) – Ромеоның, «Мұрагерлер»дегі (Д.Исабеков) – жігіттің, «Нар тәуекел»дегі (Х.Гулиев) – Азаттың, «Ардақтылар»дағы (А.Садиров) – Мақсаттың, «Анархан»дағы (Ж.Асимов, А.Садиров) – Хамраның, «Қашқарда алау»дағы (А.Баудинов) – Аметқұлдың, «Өмір шірнесі»ндегі (А.Масимов) – тышқанның, «Ләйлі-Мәжнүн»дегі (Ш.Хуршид) – Мәжнүннің және басқалардың рөлдерін ойдағыдай сомдау арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, болашағына зор үміт арқалатқан актерлердің бірі болып саналады.