Еліміздегі этностық театрлардың жағдайы, олардың қалай тыныстап, көркемдік жетекшілері мен режиссерлерінің нендей мәселеге бас ауыртатыны сол этностың өзіне ғана емес, көпұлтты мемлекетті мекендеп, өнерін өрістетіп отырған халықтың қай-қайсысын да қызықтыратын толғамды сұрақ.

«Әлемнің басқа бірде-бір елінде баламасы жоқ, тек біздің мемлекеттің қамқорлығының арқасында құрылды деп мақта натын ұлттық театрлардың сахнасында қазақ драматургтерінің шығармасы сахналана ма, жалпы осынша этнос өмір сүріп отырған ортақ қоғамның жанға бататын жай-күйі, өзекті мәселесі өзге театрдың сахнасында қалай көрініс тауып жүр?» деген мәселе әркімнің-ақ көкейінде тұратынын жасыра алмаймыз. Әр этностың дәстүрлі мәдениетін дамыту ұлттық және мәдени саясаттың маңызды бөлшегі болып, үкімет жанашырлығын сезініп отырған сахна ұжымдарына осы сауалды жолдағанымыз сол еді, Құдыс Қожамияров атын дағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры бірден жаңа спектакль премьерасының көрермені болуға шақыра қойды.
Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы және Баян» пьесасы қайта сахналаныпты. Қазақ ұлттық драматургиясы мен ұйғыр театры арасындағы ғасырға жуық уақыт жалғасып келе жатқан шығармашылық байланыстың жаңа кезеңдегі даму деңгейін көруге мүмкіндік беретін спектакльдің тарихы біз ойлағаннан да тым тереңде жатқаны тебірендірмей қоймады.
Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көр пеш – Баян сұлу» пьеасасы Ұй ғыр театрының сахнасында 87 жыл бойы үздіксіз жүріп отырған. Бұл – спектакльдің үшінші мәр те жаңалануы. Махаббат туралы қазақтың ұлы дастаны сюжеті жа ғынан «Ләйлі – Мәжнүн», «Тахир мен Зухра», «Ғаріп пен Санам», «Жүсіп пен Зылиха» сияқты әйгілі аңыздарға жақын. Пьеса тарихына қысқаша шолу жасасақ, 1937 жылы «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармасы Қазақстанда алғаш рет Ұйғыр театрының сахнасында қойылғаны қарапайым көрермен түгілі, кәсіби өнер зерттеушілерінің өзіне тосын дерек болуы мүмкін. Тұңғыш рет ұйғыр театрының сахнасында, ұйғыр тілінде тұсауы кесілген пьеса тек осы премьерадан кейін ғана еліміздің өзге театр ларында қойыла бастайды. Бұл туралы Ғабит Мүсірепов театртанушы ғалым, профессор Ахметжан Насырұлы Қадыровқа берген сұхбатында былай дейді: «...1936 жылы мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы өнер бөлімі нің меңгерушісі болдым. Бірақ шығармашылық ұйымдардың басшысы бола тұра, өзіме сеніп тапсырылған республика театр ларына өз шығармаларымды ұсынуға, қойғызуға құқығым болмады. Мен 1936 жылы «Көрпеш пен Баян сұлу» трагедиясын жазып бітірдім, бірақ автор ретінде аты-жөнімді көрсетпей, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясын Шымкент, Семей және Ұйғыр театрларына жолдадым. Мен Ұйғыр театрының талантты ұжымын Д.Асимов пен А.Садыровтың «Анархан» атты ғажайып спектаклі арқылы жақсы білетін едім. Ұйғыр театрының сол жылдардағы бас режиссері Виктор Иванович Дьяковты шақырып оның қолына пьесаны ұстаттым. «Ұжымға шығарманы оқып бер, ұнаса қой», дедім. «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» трагедиясы ұйғыр театры ұжымына қатты ұнағаны соншалық, актерлердің бірі Данияр Яхьяров бір түннің ішінде пьесаны ұйғыр тіліне аударған. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті 1937 жылы қаңтарда жазған. Үнемі шығармашылық қуаты бо йына сыймай жүретін режиссер В.И.Дьяков пьесаны театрдың репертуарына енгізіп, бір жылдан кейін, яғни 1938 жылдың наурызында, Мұхтар Әуезов екеумізді спектакль көруге шақырды. Қойылымнан кейін қызу талқылау болды. Мен автор ретінде үн қатпай отырдым. Театр ұжымы трагедия авторын Мұхтар Әуезов деп есептеген ғой. Спектакль соңында сахнаға көтерілген Мұхтар Омарханұлы спектакль туралы өзінің шынайы ой-пікірімен бөлісті. Ол актерлік, режиссерлік шеберлік, музыка, би өнері жайында сөз қозғады. Режиссер В.Дьяковқа, композитор Дмитрий Мацуциннің музыкасына өте жоғары баға берді. Сөз соңында Мұхтар Омарханұлы мені сахна төріне шақырып, «Сіздер тамашалаған ғажайып спектакльдің, шығарманың авторы – Ғабит Мүсірепов!» деп мені көпшілікке жариялады (Кадыров А.Н.«Уйгурский советский театр» 43-бет).
Сол 1938 жылдан бастап «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» трагедиясы Ұйғыр театрының репертуарын дағы үздік қойы лымдардың бі ріне айналады. Республика театр қоғамдастығы бірауыздан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымын театрдың ірі табысы, ұйғыр өнерінің дамуындағы келешек жетістіктің алғашқы хабаршысы, театрдың өсу көрсеткіші» деп баға береді. Ел ішіндегі көркемөнерпаздардың еңбегімен жанданып, биік кәсіби деңгейді бағындырған Ұйғыр театры «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» спек таклінен кейін «Қыз Жібекті» сахналап, өз тарихының жарқын беттерін қазақ классикасының жауһарларымен толықтыра түседі.
Қодардың рөліндегі Нури Тохтанов сұлу Баянға махаббатын мойындату үшін қандай қиындықтан да қаймықпайтын құштар ғашықтың кейпінде көрі неді. Әуелде ұяң, ибалы көрініп, шешуші сәтте қайсар қызға айналатын Баянның рөлін Қазақ КСР-нің халық әртісі Сәлима Сат тарова сомдаған екен. «Бірегей өнер тұлғаларының сомдауымен 87 жыл бұрын ұйғыр театрында сәтті сахналанған «Қозы мен Баян» спектаклін ХХІ ғасырда театры мыз дың жаңа буын актерлері, жаңа режиссурамен жаңаша үлгіде, қайта жаңғыртып сахналап отыр», дейді Ұйғыр театрының көркемдік жетекшісі әрі спектакль режиссері Фархадбек Қанафин.
Кезінде жылы қабылданған, бірақ кеңестік идеология қалы бы ның ішінде құйылып, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» атанған кейбір қойылымдардың өзегіндегі идея ескі сарыннан ажыратылып, жаңа кезеңмен үндес пішін тапты. Кей пьесалар бүгінгі уақыт талап еткен театр әлемінің тынысына қарай формалық жағынан жаңаланды. Ф.Қанафин белгілі эпостың идеясын сақтай отырып, өз ұлтының нұсқасында басқа қырынан жаңалағанда, Ғабит Мүсі реповтің «Қозы вә Баян» спек таклінде қазіргі заманауи театр бағыттарының бірі – перфор манс жанрының элементтері қол да нылып, көрерменге тарту етілді.
Себебі елдің көптеген театрын да сахналанған бұл пьеса ның ше шімін шығармашылық заң дылығына орай басқаларды қай таламай, қазіргі заман талабы на сай және Қ.Қожамияров театрының өзіне тән болмысына орай режиссер Ф.Канафин мен қоюшы суретші Р.Мусаев екеуі сценографиялық тұрғыда өзгеше сүрлеу іздеді. Қазіргі жастардың «клиптік ойлау ерекшелігіне» орай қойылым ширыға түскен ырғаққа құрылды. Спектакль дің киім үлгілерінің суретшісі Ақмарал Мусаева қойылым ерекшелігін ескере отырып, кейіп керлердің костюмін бүгінгі кезеңге сай синтезделген үлгімен әзірлеген. Пьесаны ұйғыр тіліне Мұхтаржан Жумаров аударған, мәтін бойынша Гулбахар Насирова кеңесшілік жасаған. Қойылым музыкасын Қ.Қожамияров атын дағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Дильмурат Бахаров пен композитор Каримжан Газиев арнайы жазды. Режиссер бұл қойы лымда перформанспен қатар, Бертольт Брехттің «эпикалық театр» бағытының элементте рін пайдаланды. Перформанс қойы лым актерлерден өзіне тән сахнада ғұмыр кешу тәсілін талап етеді. Сонымен қатар қойылымда пластикалық этюдтер қолданылды. Қойылымның хореографиялық көріністерін бас балетмейстер Ажарбуви Халимова сахналады.
– Қазақ әдебиетінің мәңгілік өміршең туындысының ұйғыр театрының сахнасынан көрі нуін үлкен жаңалық ретінде қа был даймын. Ғ.Мүсіреповтің шоқты ғы биік шығармасын ұйғыр халқы ның мәдениеті мен қабыстыра, осы ұлттың міне зіне, темпераменті не бағыттап жасаған дүние еке ні бір көрген нен байқалады. Декорациясы үйлесімді, музыкасы оқиғамен үндескен, әрбір актер ойыны ның бояуы қанық, костюмдері келіс кен монумен талды кесек туынды болып шық қан. Режиссердің айтқысы келген ойын зал дағы көрермен зерек көңілмен оқып отырды деп ойлаймын», дейді М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың режиссері Елік Нұрсұлтан.
Қойылым соңында сахна тө ріне шақырылған қонақтардан М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театр дың көркемдік жетекшісі, Қазақ станның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, театр директоры Еркін Жуасбек және Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева көпшілікті премьера мен құттықтап, қазақтың ұлы клас сигінің туындысын ғасырға жуық уақыт ұйғыр тілінде сөйлетіп, ұлт тық әдеби мұраның рухани құна рын байытып келе жатқан ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ