Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры өзінің 90 жылдық мерейтойы аясында 2024 жылдың 14-16 қазан аралығында Панфилов ауданының Жаркент қаласында гастрольдік іс-сапармен болып, Мәдениет үйінде өзінің үздк қойылымдарын сахналады.
Жаркент қаласының тұрғындарының назарына Акрам Ахметовтың «Махмут Қәшқәрий» тарихи драмасын, Қасым Исмаиловтың «Тошқанниң сәргүзәштлири» («Қоянның шытырман оқиғалары») балаларға арналған спектакльді және «Тәбәссүм» әзіл-ысқақ концерттік бағдарламасын ұсынды.
Ыстық ықылас білдірген Жаркент қаласындағы көрермендерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз.