Республика күні мерекесі қарсаңында театрымыздың «Нава» фольклор оркестрінің әртісі Пархат Палтаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. Марапатты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тапсырды.
Құрметті әріптес, абыройлы атағыңыз құтты болсын! Өнеріңіз өрге жүзіп, шығармашылық жолыңыз жаңа белестер мен жарқын жеңістерге толы болсын!