Бүгін 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дервиштер» топының көркемдік жетекшісі, композитор ДИЛМУРАТ НҰРАХМЕТҰЛЫ БАХАРОВ «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.
Марапат құтты болсын, құрметті Дилмурат Нұрахметұлы! Шығармашылық жолыңыз табысты болып, жаңа жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз!