Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры Шымкент қаласында өткен Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған республикалық "Шымкент Думан" әзіл сықақ фестивалінде жүлделі 1 орын мен 700 мың теңге сертификатына және Көпен Әмірбек атындағы Арнайы жүлде мен 300 мың теңге сертификатына ие болды.