Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының ұжымы Сізді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа жауапты қызметіңізде Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол табыс және ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай жетістіктер тілейміз!
Осы орайда мәдениет пен өнер саласына, біздің театр ұжымына көрсеткен ерекше қолдауыңыз бен қамқорлығыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Өнерге деген жанашырлығыңыз бен шығармашылық ұжымдарға жасаған қолдауыңыз біз үшін әрдайым қымбат.
Жаңа қызметіңіз абыройлы болып, әрбір бастамаңыз ел игілігіне қызмет ете берсін!