Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткен Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 80 жылдығын тойлауда. Қос өнер ордасымен еліміздің әйгілі сазгері, КСРО халық артисі, КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құдыс Кожамияровтың есімі байланыста екені белгілі. Атап айтсақ 1957-1967 жылдар аралығында Құдыс Қожамияров аталған консерваторияның ректоры болып қызмет атқарып, оқу орнының дамуына едәуір үлес қосты.
Қазіргі уақытта консерваторияны Гаухар Тасбергенова басқарып келеді.
Бүгін театр басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дилмурат Бахаров консерватория ректоры Гаухар Тасбергенованың қабылдауында болды. Сұхбат барысында биылғы қос өнер ордасының мерейлі мерекесіне орай ұйғыр халқының ұлы сазгері Құдыс Кожамияровтың шығармашылығына арналған «ЙЕҢИЧӘ ЯҢРИҒАН АhАҢЛАР» («ЖАҢАША. ЖАҢЫРҒАН ӘУЕНДЕР») концертін бірлесіп өткізу туралы әңгіме жүргізді. Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры мен Кұрмангазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірге өткізетін концерт ағымдағы жылдың 25 қазан күні Республика күніне орай театрда өтеді.
Бу күнләрдә Қазақ Миллий консерваториясини Гаухар Тасбергенова башқурмақта. Бүгүн театримизниң рәһбири, Қазақстанниң хизмәт көрсәткән әрбаби Дилмурат Баһаров Қурманғазы намидики Қазақ миллий консерваторияси һозурида болуп, мәзкүр оқуш дәргаһиниң ректори Гаухар Тасбергенова билән учришип сәмимий сөһбәт қурди.