Новости Уйгурского театра
2024-06-17 13:00

Құддыс Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры 90 жылдық мерейтойын атап өтуде!

17 маусым Алматыда Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының 90 жылдығына орай, музыкалық қойылымдардың І театр фестивалі басталды.

17-21 маусым аралығында театр сахнасында Қазақстанның бес театрының әртістері өнер көрсетеді, олардың арасында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, «Жаңа ғасыр» театры және «Алатау» дәстүрлі өнер театры бар. Олардың репертуарында «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» және т.б. қойылымдар бар.

Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық-драма театры 1934 жылдың қыркүйегінде ашылды. Бүгінгі таңда драмалық труппадан басқа театрда «Нава» фольклорлық ансамблі, «Сада» жастар эстрадалық ансамблі және «Рухсара» би ансамблі жемісті жұмыс істеп келеді.

1984 жылы театр қазақстандық өнерді дамытуда қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай театрға «академиялық» мәртебе берілді.

Биыл мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Мемлекет басшысы бірқатар театр қызметкеріне «Құрмет» орденін табыс етті, ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын берді.

90 жылдық тарихында театр ТМД және Түркия, Венгрия, Финляндия, Германия, Египет, Қытай, Румыния, Болгария, Пәкістан және Португалия елдерінде халықаралық фестивальдар мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып, әлемдік аренада отандық өнерді кеңінен насихаттады.

Театр фестивалі аясында мұрағаттық тарихи құжаттар мен театрдың сирек кездесетін фотоматериалдарының көрмесі ашылды. Іс-шара соңында фестиваль лауреаттары анықталады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

Уйгурский театр музыкальной комедии имени Куддуса Кужамьярова отмечает 90-летний юбилей!

17 июня в Алматы стартовал I театральный фестиваль музыкальных спектаклей в честь 90-летия Республиканского государственного академического уйгурского театра музыкальной комедии имени Куддуса Кужамьярова.

С 17 по 21 июня на сцене театра выступят артисты пяти театров Казахстана, среди которых Казахский национальный театр драмы имени М. Ауэзова, Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Г. Мусрепова, Республиканский государственный академический корейский театр, театр «Жаңа ғасыр» и театр традиционного искусства «Алатау». В их репертуаре — постановки «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» и другие.

Уйгурский музыкально-драматический театр имени К. Кужамьярова открыл свои двери в сентябре 1934 года. Сегодня, помимо драматической труппы, в театре успешно работают фольклорный ансамбль «Нава», молодежный эстрадный ансамбль «Сада» и танцевальный ансамбль «Рухсара».

В 1984 году театр был награжден орденом «Знак Почета» за значительные творческие достижения в развитии казахстанского искусства. В 2016 году, к 25-й годовщине Независимости Казахстана, театру был присвоен статус «Академический».

В этом году, в честь Дня работников культуры и искусства, Глава государства вручил сотруднику театра орден «Құрмет», а другому служащему Министром культуры и информации РК было присвоено почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

За свою 90-летнюю историю театр активно участвовал в международных фестивалях и гастрольных поездках в странах СНГ и Турции, Венгрии, Финляндии, Германии, Египте, Китае, Румынии, Болгарии, Пакистане и Португалии, завоевывая главные призы и популяризируя казахстанское искусство на мировой арене.

В рамках театрального фестиваля была открыта выставка архивных исторических документов и редких фотоматериалов театра. По завершению мероприятия будут определены лауреаты фестиваля.

Пресс-служба Министерства культуры и информации РК