Новости Уйгурского театра

«Мәдениеттердің өзара іс-қимылы арқылы достастық пен бейбітшілікке» атты XVI форумы өтті.

12-13 қыркүйек аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының «Мәдениеттердің өзара іс-қимылы арқылы достастық пен бейбітшілікке» атты XVI форумы өтті. Форум жұмысына қатысу үшін Бішкекке ТМД елдерінен 200-ден астам делегат келді. Аталмыш іс-шараға Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрының басшысы, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" Дилмурат Бахаровта қатысып, мәдениет, өнер майталмандарымен пікір алысты.