Новости Уйгурского театра
2026-05-18 09:00

Құттықтаймыз!

Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат, әдебиеттанушы, түрколог-ғалым Олжас Сүлейменов өзінің 90 жас мерейтойын қарсы алып отыр.

Құрметті Олжас Омарұлы!

Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық ой-сана мен халықаралық рухани байланыстарды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңіз – ел мақтанышы. Сіздің шығармашылығыңыз бен азаматтық ұстанымыңыз бірнеше ұрпаққа өнеге болып келеді.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілеймін. Елімізге сіңірген еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, халқымыздың құрметіне бөлене беріңіз!

Ізгі тілекпен,

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дилмурат Бахаров.