Новости Уйгурского театра

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев атынан Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры директорының орынбасары Надирям Турсынқызы Омароваға, драма әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дилшат Амирдинұлы Аманбаевқа жаңа пәтер кілттерін табысталды. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева табыстады.

Бұл игі бастама өнер иелеріне көрсетіліп отырған қамқорлықтың айқын көрінісі болып, мәдениет саласының дамуына тың серпін беріп, шығармашылыққа жаңа шабыт сыйлайтыны анық.

Ұйғыр театры ұжымы мәдениет пен өнер саласына көрсетіліп отырған ерекше қолдау мен жанашырлық үшін еліміз Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға шынайы алғысын білдіреді.

Театр ұжымы атынан Надирям Омарованы, Дилшат Аманбаевты қуанышты отбасылық мерекесімен жүрекжарды құттықтаймыз! Жаңа шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, баянды бақыт пен молшылық тілейміз!
___

ХУШ ХӘВӘР!

Мәдәнийәт вә сәнъәт хадимлириниң кәспий мәйримигә мунасивәтлик уюштурулған тәнтәнилик жиғинда дөләт рәһбири Қасим - Жомарт Тоқаев намидин Қуддус Ғожамияров намидики җумһурийәтлик дөләт академиялиқ уйғур музыкилиқ комедия театриниң муавин мудири Надирәм Турсунқизи Өмәроваға, драма артисти, Қазақстанниң хизмәт көрсәткән әрбаби Дилшат Әмирдиноғли Аманбаевқа йеңи пәтир ачқучлири берилди. Пәтир ачқучлирини Қазақстан Җумһурийитиниң Премьер-Министрниң орунбасари, Мәдәнийәт вә әхбарат министри Аида Ғалымқизи Балаева тапшурди.

Бу башланма сәнъәт әһлигә көрситиливатқан ғәмхорлуқниң ениқ намайәндиси болуп, мәдәнийәт саһасиниң тәрәққиятиға йеңи түрткә берилип, ижадийәткә йеңи илһам беғишлайдиғанлиғи ениқ.

Уйғур театриниң коллективи мәдәнийәт вә сәнъәт саһасиға көрситиливатқан алаһидә қоллап-қувәтләш вә ғәмхорлуқ үчүн мәмликитимиз Президенти Қасым-Жомарт Кемелоғли Тоқаевқа вә Қазақстан Җумһурийитиниң Премьер-Министрниң орунбасари, Мәдәнийәт вә әхбарат министри Аида Ғалымқизи Балаеваға чин миннәтдарлиғини билдүриду.

Театр коллективи намидин Надирәм Өмәрова вә Дилшат Аманбаевни чин жүрәктин тәбрикләймиз! Аиләңләргә хатирҗәмлик, бәрикәт тиләймиз!