Новости Уйгурского театра

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұхбатын зейін қойып оқып шықтым.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұхбатын зейін қойып оқып шықтым. Ондағы мәселелер мені өзектілігімен, нақтылығымен, жан-жақтылығымен тәнті етті. Шынымен де, сұхбат барысында қарапайым азаматтардың жеке басына қатысты мәселелерден бастап мемлекетіміздің әлемдік саяси алаңдағы өзіндік орнын айқындайтын ауқымды іс-шараларға дейін сөз болады.

Мысалы, Мемлекет басшысы бүгінгі таңда қазақстандықтарды қатты алаңдатып жатқан несие, ана мен баланы қорғау сияқты әлеуметтік мәселелерге қатысты нақты атқарылған жұмыстарды атаумен қатар, еліміздің алдағы жылда жүзеге асыруға тиісті болған халықаралық деңгейдегі міндеттеріне де тоқталды. Нақтырақ айтатын болсақ, Қазақстанның 2024 жылы Шаңхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттер ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымына төрағалық ететінін мәлімдеді. Бұл, біріншіден, Қазақстанның беделін көрсетсе, тағы бір жақтан, елімізге жүктелген аса үлкен жауапкершілік. Сондықтан, ол міндеттердің ойдағыдай атқарылуы біз үшін үлкен абырой.

Әрине, сұхбатта көтерілген әртақырыптың орны, өзектілігі ерекше. Дегенмен де, маған Президентіміздің «... Біздің бұрын кім болғаны мыз дан қазір кім екеніміз, ең бастысы, болашақта кім болатынымыз әл деқайда маңызды. Сондықтан қандай қиын дықтан өткенімізді бағамдай тын кезде ғана ауызбіршілік таныт пай, баянды болашаққа да бірге қадам басуы мыз қажет. Біз өткенді аңсаумен өмір сүр меуіміз керек. Кері сінше, келе ше гі мізді кемел етуге ұмтылып, ұлт тың ұлы лығын нақты іспен дәлел деуге тиіспіз. Дүние таны мы мызға жат мәдениеттерге көзсіз елік теу ден, жалған патриотизмнен, даң ғойлық пен дарақылықтан сақтануы мыз керек. Халқымыздың бойындағы кемшілік терге көз жұма қарамай, одан арылуы мыз қажет. Мұның бәрі күн са йын құбы л ған тұрлаусыз заманда өмір сүріп жатқан Қазақстанның келешегі үшін айрықша маңызды» деген сөздері қатты әсер етті.

Әрбір қазақстандық міне осыны қаперінде ұстауы қажет деп ойлаймын.

Дилмурат БАХАРОВ,

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры басшысы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

https://egemen.kz/article/355466-qasym-zhomart-toqaev-biz-ozyq-oyly-ult-retinde-tek-qana-algha-qarauymyz-kerek