Турсунов Ниязджан Исламұлы

«Нава» фольклор ансамблінің көркемдік жетекшісі. «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері
 1977 жылы Ұйғыр театрына жұмысқа орналасты. Істеп жатып Ташкент Мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түсіп, сәтті аяқтап Қызмет істеген жылдарында талантты музыкант ретінде, гижак, дойра, равап, тамбур сияқты ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін жетік меңгерген маман ретінде көрсете білді. Өз шығармашылығын ұйғыр театрында «Нава» ансамблінде оркестр артисі ретінде, гижак аспабында ойнаудан бастаған .
       Қазіргі таңда орындау шеберлігін сомдаған ансамбльде өзіндік жетекші орны бар сазгер. Ол бірқатар жылдар бойы «Нава» ансамблінің көркемдік жетекшісі ретінде ансамбль репертуарының өркендеуіне көп үлес қосты. Ансамбль құрамында еліміз және Түркия, Пәкістан, Португалия, Сингапур, ШҰАР қатарлы бір қатар шетелдерге гастрольдік сапарлармен барды.     
   Турсунов Ниязджанның орындауындағы ұйғыр халқының, классикалық және заманауи композиторлар шығармашылықтары көрермен ризашылығына ие. Кейінгі бірнеше жылдар бойы «Нава» халық аспаптар ансамблі» тобының жетекшісі қызметін атқарумен қатар, ансамблдің белді бір мүшесі ретінде аспапта ойнайды.


 Турсунов Ниязджан Исламұлы «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.


ТЕАТРДАҒЫ БАРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАР БОЛЫҢЫЗ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БІЗГЕ БІЗІЛІҢІЗДЕР
Мекен-жайы
Алматы, көш. Наурызбай батыр, 83
Телефон
ТЕАТР КАССАСЫ