Тукаев Алымжан Ахметұлы

Театрының бас дирижері. «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі иегері
     1946 жылы дүниеге келген. Чайковский атындағы музыка училищесінің дирижер факультетін бітіріп, мемлекеттік Құрманғазы атындағы Консерваторияның дирижер факультетін бітірди. Москвадағы оперетта театрында 2 жылдық курсты бітіріп, опера- симфониялық оркестрдің дирижері деген квалификация алған. 1972 жылы Ұйғыр театрында хормейстер болып жұмысқа орналасты. Ол көптеген спектакльдерде дирижер болып, өз өнерін көрсетті.
1981 жылдан бастап, ол музыкалы спектакльдерге дирижер-аранжировщик (өңдеуші) болып тағайындалды. Көптеген спектакльдерде Токаев дирижер ретінде жақсы жұмыс істеп, елдің алғысына бөленді. Токаевтың басшылығымен симфония оркестрі «Нава» ансамблимен қосылып, спектакльдегі әндердің жақсы шығуына ат салысты. Ол көптеген концерттік программалардың авторы. «Достлуқ сази», «Яшисун артист» - осы программалар көрерменнің көңілінен шыққан еді.
Тукаев композитор ретінде де өзін көрсете білді. Оның «Қазақстан» атты кантатасы. Театрдың 50 жылдық мерейтойында ойналып, халықтың алғысына бөленді.

Ол «Чинтөмүр батур», «Ковровщица», «Паутина», «В субботу вечером», «Махамбет», «Огненные годы» деген спектакльдерге музыка жазды.  Театр тарихындағы елеулі оқиға болған «Махамбет» спектакліне де Тукаев музыка жазды, спектакль көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, өте жақсы деген баға алды. Бұл спектакль астанада да қойылды.

             Тукаев А. Театрдағы қоғам жұмыстарына да белсене қатысады, 20 жылдай кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Ол «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.

ТЕАТРДАҒЫ БАРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАР БОЛЫҢЫЗ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БІЗГЕ БІЗІЛІҢІЗДЕР
Мекен-жайы
Алматы, көш. Наурызбай батыр, 83
Телефон
ТЕАТР КАССАСЫ