Насирова Гульбахар Қасымқызы

Театрдың әдеби бөлімінің басшысы. «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері
    Ұйғыр театрына 1983 жылы А.Н.Островский атындағы Ташкент Театр және көркемсурет институтының «Музыкалық драма актері» мамандығын бітіріп келген. Г.Насирова театрда Ш.Бошбековтың «Темір қатын» (реж.Я.Шамиев), Т.Миннуллиндің «Бесік әні» драмасында Перзентсіз әйел, А.Аширидің «Дехан» - Гулбадам, У.Умарбековтың «Өз қалауымен...» драмасында бас кейіпкер Зухра Садықовна қатарлы рөлдерді сомдады. Г.Насирова ұйғыр театрында тек актерлік шығармашылықпен шектелген жоқ.

1983 жылдан бастап, ол Ташкенттегі мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Театртану» мамандығы бойынша  сырттай бөлімінде оқуын жалғастырды.  1996 жылы Г.Насирова ұйғыр театрының Әдебиет бөлімі меңгерушісі лауазымына тағайындалды.


Г.Насирова тәржімелеген «Дивана» /Р.Мадиев/, «Тозақ» /Г.Озубекова/, «Алтын кілт» /А.Толстой/, «Күйеуіңізді сатыңыз...» /М.Задорнов/, «Башмағым» /Д.Файзи/, «А дальше – тишина...» /В.Дельмар/, «Бір түп алма ағашы» /А.Оразбеков/, «Запах горькой полыни» /И.Зайниев/, «Мәшһүр Гален» /К.Чапек/ қатарлы қазақ, өзбек, татар, орыс, чех драматургтерінің шығармаларын тәржімеледі.


         Гульбахар Насирова «Лутпулла» (реж.М.Изимов), «Назугум» (реж.А.Искандаров), «Сәргәрдан» (реж.М.Изимов) атты инсценировкалар жазды. 2021 жылы автор «Менмен сырласшы...» атты поэтикалық драма жазды. Гульбахар Насирова ұйғыр кәсіби театрының негізін қалаушылар: Қазақстанның халық артисттері - Ахмет Шамиев, Рошәнгүл Илахунова, Махпир Бақиев, Өзбекстанның халық артисті Абдрим Ахмадий туралы «Ахмет Шамиев – театр және кино актеры» («Ахмет Шамиев – актер театра и кино»), «Қос жұлдыз» («Две здезды»), «Әхмәдийләр сулалиси» («Династия Ахмадиевых») аталмыш үш кітаптың авторы. Сонымен қатар Г.Насирова жүзден аса мақалалардың, театр тарихы туралы деректі фильмдердің, альбомдар, сценариялардың авторы болып табылады.

 Актриса кейінгі жылдарда З.Қадирийдың «Ғунчәм» музыкалық драмасында Ана, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында Бейтаныс әйел, У.Умарбековтың «Өз қалауымен» драмасында Зухра Садықовна, Д.Машурованың «Тағдыр қасыреті» драмасында Хәнифә қатарлы рөлдер сомдады.

Г.Насирова 2018 жылы Ұлттық театрлардың IY Республикалық Театрлар фестивалінде «Жұсанның ащы иісі» (авт.И.Зайниев, реж.М.Изимов) драмасындағы Рәзия рөлі үшін «Үздік екінші план актрисасы» номинациясын жеңіп алды. Сол жылы Қазақ Ұлттық Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер 2018» сыйлығымен және Қазақстан Меценаттар клубының «Ильхам» («Шабыт») сыйлығымен марапатталды.


         2019 және 2021 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

ТЕАТРДАҒЫ БАРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАР БОЛЫҢЫЗ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БІЗГЕ БІЗІЛІҢІЗДЕР
Мекен-жайы
Алматы, көш. Наурызбай батыр, 83
Телефон
ТЕАТР КАССАСЫ