Искандаров Азизжан Изимұлы

Режиссер. «Мәдениет қайраткері» белгісінің иесі.
1983 жылы Н.Островский атындағы Ташкент театр көркемдік институтының музыкалық комедия актері мамандығы бойынша бітірген.     А. Искандаров Ж.Асимов, АСадировтың «Анархан» драмасында – Хамраның, Р. Батулла «Кешір мені ана»; С. Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде»; К. Мансуровтың «Өмәр Муһәммәдий»; И. Ғаиптың «Киелі күнә»; В. Задорныйдың «Күйеуіңізді сатыңызші»; С. Ахметтің «Келіндер көтерілісі»; И. Гаиптың «Кашгария» В. Шекспирдің «Король Лир» С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» және көптеген басқа қойылымдарда негізгі рөльдерді ойнады.
1994 жылы С. Сейфуллиннің 100 жылдығында өткен театр фестивалінде К. Мансуровтың «Өмәр Муһәммәдий» спектаклінің басты рөлін сомдап театр фестивалының Лауреаты, 1999 жылы Алматы қаласының «Ғасыр» фестивалінде А. Цигарелидің «Ханума» спектаклінде Князь рөлін үздік ойнағаны үшін, «Құрмет грамотасымен» марапатталып, лауреат аталды.     
2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Режиссер» мамандығын игерді. А. Искандаров актерлік өнерімен қатар, қоюшы – режиссерлік лауазымын қатар алып жүрген талант иесі. А. Самсақовтың «Баянчур», Г.Насированың «Назугум», Ә.Оразбековтың «Бір түп алма», А.Толстойдың «Алтын кілт», Д.Исабековтың «Мұрагерлер», А.Аширидың «Чарбағ», А.Гулиевтың «Дәттикам» қатарлы ондаған спектакльдердің режиссері.
      А. Искандаров Қазақстан Республикасың Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері»  белгісімен марапатталған.  2018 жылы жазушы – драматург А. Аширидің «Астана» спектаклінде Президентіміздін рөлін сомдады.


А. Искандаров түрлі концерттік және шоу – бағдарламалардың сахналық  қойылымдарына қатысып, халықтың көзайымына айналған әзіл – сықақшы.


Актер, режиссер А.Искандаров «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
будьте в курсе обо всех мероприятиях театра
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ